Findyourb -

80. Бижамал Рамазанованың ғибратты ғұмыры. IV бөлім

Informações:

Sinopsis

ІV бөлім: Мемлекеттік лауазымдардағы ұстанымдар және адалдық жайында ----more---- Төртінші шығарылымда Бижамал Рамазанова ең жоғары мемлекеттік лауазымдарда ар-абыройды қалай сақтап қалу керек екені туралы баяндайды. Қызметте жан-жақтан түсетін қысым кезінде және түрлі қиындықтар болғанда қалай адамдықтан айнымау керек екендігі туралы білетін боламыз. Келтірілген қастандыққа, еліктіргіш түрлі дүниелерге қалай әрекет ету қажет? Кеңес кезеңінде партия шыңына көтерілу үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін, сондай-ақ өзінің жас кезінде қызмет барысында қандай мақсат-мүддесі болғанын біле аласыздар.    ----more---- Шығарылым кейіпкері мемлекеттік қызметпен қатар отбасылық өміріне де тиісті көңіл бөлгені туралы әңгімелейтін болады: отбасындағы сенім мен қолдаудың маңызы және қаржыны басқару жөнінде пайдалы кеңестерімен бөліседі. Сөз соңында әжеміз Танзания президенті Джулиус Ньереремен таныстығы және оның үйінде қонақта болған кезінде таңғалдырған жайлар туралы баяндайды.     Бижамал Рамазанова жайлы У